Сырбаз Моңғолияда топ жарды

Моңғолия астанасы Улан-Батор қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионаты аяқталды. Әсіресе, бізді қызықтырғаны күрестің еркін түрі болатын. Себебі, 70 келіде Қазақстанның намысын жерлесіміз Талғат Сырбаз лайықты қорғады.

Жерлесіміз алғашқы белдесулерін жақсы бастағанымен жартылай финалда жапониялық қарсыласына есе жіберіп қойды. Қола жүлде үшін белдесуінде 32 жастағы тәжірибелі ирандық палуан Мохаммадмехди Мослем Еганехомжафаримен белдесті.

Әлемдегі ең мықтылар санатынан табылатын ирандық палуандарды жеңу оңай емес еді. Ал жерлесіміз білгенінен жаңылған жоқ. Қарсыласына соқыр ұпай ұстатпай жүріп, 4:0 есебімен ұтып алды.

Дегенмен жерлесіміз осы салмақ дәрежесінде былтыр Азия чемпионы атанғанын ескерсек, алдағы Олимпиадаға дейін әлі шыңдала түсуді қажет етеді.

Саламат БАЗАРБАЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521