- Информация о материале
- Автор: Сайт әкімшілігі
- Категория: Білім және ғылым
- Read Time: 1 min
- 24
Жастардың инновациялық ойлау қабілетін дамытуға, стартап мәдениетін қалыптастыруға және өңірдегі өзекті мәселелерге заманауи шешімдер ұсынуға бағытталған «Atyrau Youth Hackathon – 2026» инновациялық жобалар конкурсы басталды. Үш күнге жоспарланған ауқымды іс-шараға 14 пен 35 жас аралығындағы жастар қатысып, «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында қоғам үшін маңызды мәселелердің шешімін іздеуге кірісті.
- Информация о материале
- Автор: Сайт әкімшілігі
- Категория: Білім және ғылым
- Read Time: 1 min
- 37
Астана, 2026 жылғы 3 қыркүйек. Astana Hub алаңында Qazaq AI Research University (QAIRU) — Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша жасанды интеллект міндеттеріне арналып құрылған, Орталық Азиядағы алғашқы университет — өзінің бірінші оқу жылы басталған күні баспасөз мәслихатын өткізді. Бүгін қатыса алмағандар үшін — университет басшылығы мен министрліктер өкілдерімен болған әңгімеден ең нақтысы.
- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Білім және ғылым
- Read Time: 1 min
- 31
Президент: Өздеріңізге мәлім, осыдан екі жыл бұрын менің тікелей тапсырмаммен «Келешек мектептері» жобасы бастау алды.
Осы жоба аясында 460 мың оқушыға арналған 217 мектеп салынды. Заманауи мектептердің жаңа стандарты пайда болды десек, артық болмайды.
Алайда, біз әрбір өңірде, соның ішінде мектептерге сұраныс бар аудандарда сапалы оқу орындарының құрылысын міндетті түрде жалғастырамыз. Бұл – алдымызда тұрған мемлекеттік маңызға ие аса өзекті міндет.
- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Білім және ғылым
- Read Time: 1 min
- 28
Бірлестік жетекшілерімен жаңа оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хат талқыланып, бірлестіктердің жұмыс жоспарлары, мақсаттары мен міндеттері айқындалды.
- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Білім және ғылым
- Read Time: 1 min
- 28
Республикалық тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда білім жүйесін дамытуға баса назар аударылатынын атап өтті.
Соңғы жеті жылда бұл салаға бөлінетін қаржы үш есе артып, 6,4 трлн теңгеге жетті. Кейінгі бес жылдың ішінде 1 миллионнан астам оқушыға арналған 1120 мектеп салынды. 5 мыңнан астам ауыл мектебінің материалдық-техникалық қоры жаңартылды. «Келешек мектептері» жобасы аясында 460 мың оқушыға арналған 217 мектеп салынды. Келесі жылы әрбір өңірде, соның ішінде мектептерге сұраныс бар аудандарда сапалы оқу орындарының құрылысы жалғасады.
«Педагог мәртебесі туралы» арнайы заңға толықтыру енгізіліп, ұстаздарға қосымша құқықтық және әлеуметтік кепілдіктер берілді.
«TALIS-2024 зерттеуінің нәтижесіне сәйкес, Қазақстан мұғалімдердің беделін нығайту көрсеткіші жөнінен 2-орында тұр. «Ұстазды қадірлей білу – өркениетті қоғамға тән қасиет. Біз ұлт сапасын арттырамыз десек, бірінші кезекте мұғалімдерге барынша қолдау көрсетуіміз керек. Бұл – мен үшін мызғымас ұстаным», – деді Президент.
- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Білім және ғылым
- Read Time: 1 min
- 32
Бірінші шілде күні күшіне енген жаңа Конституцияда білім саласына айрықша мән берілді, яғни адам капиталын, білімді, ғылымды, инновацияны дамыту еліміздің стратегиялық бағыты ретінде айқындалды, деді Мемлекет басшысы тамыз конференциясының пленарлық отырысында.
Сондай-ақ Президент 23 тамызда өткен Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауына назар аударды.
«Жаңа буын өкілдері саяси науқанды жандандыра түскені сөзсіз. Халыққа адал қызмет еткісі келетін, жауапкершіліктен тайсалмайтын, жаңашыл адамдардың бәріне бірдей мүмкіндік берілді. Түптеп келгенде, бұл – қалыпты, яғни эволюциялық үдеріс. Осы орайда саяси партиялардың белсенділігін, олардың идеологиялық ұстанымдарын, кәсіби деңгейін ерекше атап өткім келеді. Саяси дода кезінде ел болашағына тікелей ықпал ететін ұтымды ұсыныстар айтылды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


