«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Теңіз ауылдық округінде қыс мезгіліне байланысты қар тазалау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілді.
Ауылішілік жолдар, әлеуметтік нысандардың айналасы мен жаяу жүргіншілер жүретін аумақтар қардан тазартылып, тұрғындардың қауіпсіз әрі қолайлы қозғалысы қамтамасыз етілді. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан атқарылған бұл жұмыстар ауылдың көркін сақтауға және тазалық мәдениетін нығайтуға бағытталды.
«Таза Қазақстан» акциясы – қоршаған ортаны қорғау, елді мекендерді абаттандыру және тұрғындар арасында жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру жолындағы маңызды бастама.
Теңіз ауылдық округі әкімінің аппаратының баспасөз қызметі.


