ҰЯТ БОЛСА ДА ҰЯ БҰЗЫЛЫП ТҰР

БҰРЫН «БАС ЖАРЫЛСА – БӨРІК ІШІНДЕ, ҚОЛ СЫНСА – ЖЕҢ ІШІНДЕ» ДЕП КӨП РЕТТЕ ОТБАСЫНДАҒЫ ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ФАКТІЛЕРІ ЖАБУЛЫ ҚАЛАТЫН. АЛ ҚАЗІР КӨП ЖАҒДАЙДА МӘСЕЛЕ АШЫҚ ТАЛҚЫЛАНАДЫ. МЕМ ЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚОҒАМДА ОРЫН АЛЫП ЖАТҚАН ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ПЕН ҚАТЫГЕЗДІКТІҢ АЛДЫН АЛУ ҮШІН ЗАҢ ЖОБАСЫНА ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗДІ. ДЕСЕ ДЕ ОТБАСЫНДАҒЫ ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ҚОҒАМДА ЖИІ ОРЫН АЛЫП КЕЛЕДІ. ЗАҢ ЖОБАСЫ ҚАТАҢДАТЫЛҒАНЫМЕН, СОҢҒЫ ЖЫЛДАРЫ ЕЛІМІЗДЕ ӘЙЕЛДЕР МЕН БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ФАКТІЛЕРІ КӨБЕЙДІ. ЕСТІГЕН ҚҰЛАҚҚА ТҮРПІДЕЙ ТИЕТІН ЖАЙТТАР ТІПТІ ҮЙРЕНШІКТІ ЖАЙТҚА АЙНАЛЫП БАРА ЖАТҚАНДАЙ.

Еліміздегі тұрмыстық зорлық зомбылықтың жекелеген отбасылардағы себептеріне тереңірек үңілсек, көбіне әйелдер зардап шегіп, зорлық құрбаны балалар боп жатады. Мәселен, егер күйеуі тарапынан зорлық болса, әйелі полицияға арызданады. Нәтижесінде егер күйеуіне әкімшілік айыппұл салынса, отбасы бюджетіне салмақ түсетіндіктен, кешірім беріп жатады. Яғни егер әкімшілік қамауға алынса, жұмыссыз қалады, мұндайда отбасы зардап шегеді. Ал егер сот оған бас бостандығынан айыру жа засын тағайындаса, тағы да отбасы қиындыққа душар болады, балалар асыраушыдан айырылады.

Иә, тұрмыстық зорлық-зомбылық – өте ауыр әрі қауіпті мәселе. Мұндай жағдайда ең бастысы қауіпсіздік пен қолдау екенін ұмытпаған жөн. Сондықтан сала маманы айтқандай, өз өміріңізге немесе балаларыңызға қауіп төніп тұрса, дереу полицияға немесе 102-ге хабарласыңыз. Өйткені барлық адам зорлық-зомбылықсыз өмір сүруге құқылы.

 

Ж.Нариманова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT