Елде техникалық және кәсіптік білім беру саласында студенттер саны артты

АСТАНА. KAZINFORM – Онда 562 мың адам білім алып жатыр, оның ішінде 266 мың адам немесе 47,3% – әйелдер. 2024-2025 оқу жылымен салыстырғанда оқушылар саны 1% өскен. 

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше 2025-2065 оқу жылының басында елде 706 дербес техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы және 35 филиал жұмыс істеді.

Білім алушылардың жалпы санының 73,4% негізгі орта білім негізінде (9-сыныптан кейін), 22,9% жалпы орта білім негізінде, 3,7% ТжКБ-дан кейін оқуға түскендер. 

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 397 мың адам оқиды, бұл оқушылардың жалпы санының 70,6%, тағы 165,1 мың адам немесе білім алушылардың 29,4% ақылы түрде оқиды. Өткен оқу жылындағы түлектер саны 169,3 мың адам болды, оның ішінде 102,3 мың адам (60,4%) жұмысқа орналастырылды және 28,4 мың адам (16,8%) жоғары оқу орындары мен колледждерде оқуын жалғастырды. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 38 684 оқытушы және 5 170 өндірістік оқыту шебері жұмыс істейді, әйелдердің үлес салмағы тиісінше 70,3% және 47,8%-дан. Айта кетелік елде жасы үлкен студенттердің саны екі есеге артқаны туралы жазған едік.

https://kaz.inform.kz/news/elde-tehnikalik-zhane-kasptk-blm-beru-salasinda-studentter-sani-artti-c2f50f/

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT