Алғашқы медициналық көмекті күшейту – ауыл халқы үшін маңызды қадам

Президенттің Жолдау–2025-інде алғашқы медициналық көмекті күшейту мәселесінің көтерілуі ауыл тұрғындары үшін өте маңызды. Ауылда тұратын халық үшін дәрігерге дер кезінде қаралу, медициналық қызметтің қолжетімді болуы – ең өзекті қажеттіліктердің бірі.

 

Жолдауда ауылдық медициналық пункттер мен фельдшерлік-акушерлік орталықтардың материалдық-техникалық базасын жаңарту, медицина қызметкерлерін қолдау және білікті кадрларды ауылға тарту мәселелері нақты айтылды. Бұл бастамалар ауыл халқының денсаулығын сақтауға үлкен септігін тигізеді.

 

Алғашқы медициналық көмек уақтылы көрсетілсе, көптеген аурудың алдын алуға болады. Сондықтан ауыл медицинасының дамуы – халықтың өмір сүру сапасын арттырудың негізгі көрсеткіші деп есептеймін. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан бұл қадамдар ауыл тұрғындарының ертеңге деген сенімін күшейтеді.

 

Ауыл тұрғынының пікірі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT