Миялы округі бойынша қыс мезгілінде тұрғындардың қауіпсіз әрі кедергісіз қатынауын қамтамасыз ету мақсатында тас жолдарды қардан толықтай тазалау жұмыстары жоспарлы түрде жалғасуда.
Атап айтқанда, округ аумағындағы ауылішілік және ауданаралық маңызы бар тас жолдарда арнайы техника күшімен қар күреу, жол жиегін ашу, қауіпті учаскелерді тазалау жұмыстары жүргізілуде. Бұл шаралар көлік қозғалысының үздіксіздігін сақтап, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған. Жұмыстар қолайсыз ауа райына қарамастан күнделікті бақылауға алынып, жауапты мекемелер тарапынан уақтылы атқарылуда.
Кәмшат ӘБІШ


