Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны тағайындау туралы өкімге қол қойды.
Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия әдебиет қайраткері
Ілия Жақанов пен өнер қайраткері Мұханғали Томановқа берілді.
Ілия Жақанов - 1936 жылы туған, көрнекті музыкатанушы, өнертанушы,
«Қазақстанның Еңбек Ері» атағының, «Отан» және «Парасат» ордендерінің,
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағының иегері.
Мұханғали Томанов – 1973 жылы туған, режиссер,
«Құрмет» орденінің иегері.
Жыл сайын тағайындалатын бұл стипендия – мемлекеттің мәдениет және өнер қайраткерлеріне, шығармашылық қызметкерлеріне және жас дарындарға қолдауы мен қамқорлығының айғағы. Сондай-ақ олардың ұлт мәдениетін өркендетіп, әлемге танытуға қосқан елеулі үлесіне көрсетілген құрмет.


