Аудандық кітапханада жыл бойы кітаппен дос болып, оқумен өмірін байытқан, шаралардың мазмұнды өтуіне атсалысып жүрген оқырмандар мен жыл бойы тығыз байланыста болған мекемелер және кітапты өміріне серік еткен жандарды құрметтеу мақсатында «Жыл үздігі– 2025» қорытынды шарасы өтті.
Шара барысында әріптесіміз, «Дендер» газетінің тілшісі Жадыра Нариманқызы «Кітапхананың белсенді жаршысы» номинациясына ие болды.
Бұл жақсылықтың жаршысы бола білген әріптесіміз бен ұжымға берілген құрмет!
«Дендер-Ақпарат»


