Шаруа қожалықтарын қолдау – ауыл экономикасының тірегі

Қазақстан Президентінің Жолдау–2025-інде ауыл шаруашылығын дамыту мен шаруа қожалықтарын қолдау мәселесіне ерекше мән берілді. Бұл – ауылдағы еңбек адамына көрсетілген нақты қамқорлықтың көрінісі. Шаруа қожалықтары елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, ауыл халқын жұмыспен қамтудың негізгі көзі болып отыр.

 

Жолдауда жеңілдетілген несие беру, субсидиялау тетіктерін жетілдіру, ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту, өнімді өңдеу мен өткізу тізбегін дамыту қажеттігі атап өтілді. Бұл бастамалар шаруалардың табысын арттырып, өндіріс көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

 

Сонымен қатар, су ресурстарын тиімді пайдалану, заманауи агротехнологияларды енгізу және цифрландыру бағытындағы тапсырмалар шаруа қожалықтарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жол ашады. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулар ауылдың дамуына серпін беріп, аграрлық саланың тұрақты дамуына негіз болмақ.

 

Қорытындылай келе, Жолдау–2025-те көтерілген бастамалар шаруа қожалықтарын жаңа деңгейге көтеріп, ауыл шаруашылығының болашағын нығайтуға бағытталған маңызды қадам деп білеміз.

 

Г.Насиполла

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT