ҚР Президентінің фармацевтика саласындағы отандық өндірістің үлесін 50%-ға жеткізу жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Қазақстанда ірі стратегиялық инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
📄 Құжатта ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен «Khan Tengri Biopharma» ЖШС арасындағы «Алатау» арнайы экономикалық аймағында заманауи «Биофармацевтикалық толық циклді кешен салу» жөніндегі инвестициялар туралы келісім жобасы мақұлданды.
⚙️ Нысан дәрілік заттар өндірісінің озық технологияларымен жабдықталады деп жоспарлануда. Негізгі мақсат – 58 препарат түрін шығаратын өндіріс қуатын құру. Толық циклді іске қосуға, оның ішінде белсенді фармацевтикалық ингредиенттер өндіруге ерекше назар аударылады.
💊 Кешеннің өндірістік портфеліне 27 халықаралық патенттелмеген атауы бар, соның ішінде онкологиялық, аутоиммунды, сирек және қабыну ауруларын емдеуге арналған препараттар кіреді.
🔹 Инвестициялардың жалпы көлемі 103 млрд теңгеден асады. Кешенде 180-нен астам жаңа тұрақты жұмыс орны ашылады.
🔄 Жобаны жүзеге асыру еліміздің фармацевтика саласын дамытуда стратегиялық маңызға ие және локализацияны кеңейтуге, орнықты өндірістік базаны қалыптастыруға, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар препараттардың импортын кезең-кезеңімен алмастыруға бағытталған. Одан бөлек, шығарылатын өнімнің бір бөлігін ЕАЭО, ТМД елдерінің, сондай-ақ Таяу Шығыс мемлекеттерінің нарықтарына экспорттау жоспарланып отыр.
📱 @KZgovernment


