Бір жылда – 17 млн. шаршы метр тұрғын үй

Республика Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, биыл республика бойынша жалпы ауданы 17 млн. шаршы метрді құрайтын тұрғын үй немесе 154 мыңнан астам баспана пайдалануға берілді. Алдағы төрт жылда бұл көрсеткіш 111 млн. шаршы метрге дейін жеткізіліп, 1 миллионнан астам қазақстандық тұрғын үймен қамтылмақ.

 

Аталған жұмыстар аясында әлеуметтік жағынан әлсіз топтарға ерекше басымдық беріліп отыр. Сонымен қатар құнды қағаздарды айналымға енгізу есебінен әкімдіктер арқылы 4,4 мың пәтер сатып алынды. Бұдан бөлек, тұрғындардың баспана алуына қолдау көрсету мақсатында 2 және 5 пайыздық жылдық мөлшерлемемен, жалпы сомасы 4,9 млрд. теңгені құрайтын ипотекалық заемдар берілді.

 

Бұл оң үрдіс Атырау облысында да жалғасын тауып отыр. Өңірде тұрғын үй құрылысы қарқын алып, жаңа көпқабатты үйлер пайдалануға берілуде. Әсіресе әлеуметтік санаттағы азаматтарды баспанамен қамту, ипотекалық бағдарламалар арқылы тұрғындардың қолжетімді үй алуына жағдай жасау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

 

Дәулетқали АРУЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT