Киберспорт додасында AuletPower үздік атанды

Бүгін Атырауда AJF eSports Cup 2025 киберспорт турнирінің финалы өтті. Бұл дода Жастар күніне арналған Atyrau Jastar Fest 2025 жастар фестивалінің бір бөлігі болды.

Таңертеңнен бастап қаладағы компьютерлік клубтардың бірі нағыз спорттық тартыс алаңына айналды. Іріктеу кезеңінен өткен сегіз команда Counter-Strike 2 ойынында кубок пен жүлде қоры үшін бақ сынасты.

Жарыстың чемпионы атанған AuletPower командасы басты трофей мен 250 мың теңгелік ақшалай жүлдені иеленді. Khan командасы күміс жүлдеге, ал Baka-shayandar командасы қола медальға қол жеткізді. Жалпы жүлде қоры 600 мың теңгені құрады.

Турнирдің ұйымдастырушысы Парвиз Болатовтың айтуынша, AJF eSports Cup 2025 көрермендер мен қатысушылар үшін қызықты шара ғана емес, сонымен қатар жас киберспортшыларға өздерін көрсетіп, мүмкіндіктерін дәлелдеуге жол ашқан маңызды алаң болды. Бұл жарыс спорт, мәдениет пен шығармашылық тоғысқан фестивальдің жалпы рухын толықтыра түсті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT