Ауданда кіші аяқ доптан "INDER SUPER LEAGUE" лигасы өтті

Шілденің 7 сімен – Тамыз айының 6 сы аралығы, ауданымызда кіші аяқдоптан “INDER SUPER LEAFUE” лигасы өткен болатын. Аудан жастарының бастауымен болған бұл спорттық шара спорт сүйер жастарға футбол ойынын тағы бір жаңа қырынан танытты. Көрерменнің айтуы бойынша лиганы жоғарғы деңгейде өтті деп топшылады.

    -Жалпы қазіргі өтіп жатқан “INDER SUPER LEAGUE” лигасы, аудан спортына жаңа леп әкелді десем артық емес. Себебі, осыған дейін де аудандық лигалар ұйымдастырылып тұрды, бірақ бұл лига алдыңғылардан бір бас артық болды. Біз бұл лиганың таралымы көп болу мақсатында You Tube платформасынан канал ашып, сол каналдан тікелей эфир жүргізе отырып, лига көрермендер санын арттырдық. Сонымен қатар лига жаңалықтарымен хабардар болып отыратын арнайы сайт жасақтадық. Жарыстың әділ өтуі үшін Атырау қаласынан төрешілер алдық. Лига жеңімпазы атанған командалар сыйлықсыз қалмады. 3 орын және 50 000 теңге “Барлаушы” командасы, 2 орын және 100 000 теңге“Олимпик” командасы, 1 орын және 150 000 теңге  “Аманат” командалары еншіледі. Сонымен қатар бір айға созылған лиганың үздік ойыншылары да әр түрлі наминацияға ие болды. Лиганың “Үздік қақпашысы” Самиғоллаев Ержан, “Үздік шабулшысы” Қаберов Азамат, “Үздік ойыншысы” Жұмашев Алишер. Лигаға жалпы саны 9 команда қатысты. Бұл біздің аудан үшін жақсы көрсеткіш. Алдағы уақытта осындай лигалар ұйымдастырылып тұрса дейміз – деді лига ұйымдастырушысы Жақау Абат.

     Ауданда спорттық іс-шаралар орын алып тұрса, ауданымызда әлемді мойындатар чемпиондар шығары анық. Жеңісті күндерде жүздескенше!!!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT