Боран Нысанбаев атындағы орта мектебінің оқушылары спорттың қай түрінен де қалыс қалмай келеді, әсіресе волейбол түрінен жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені есте қаларлықтай болды деуге үлкен негіз бар.
Айталық, «Болашаққа білімді дені сау ұрпақ» ұранымен өткен аудандық сындарда көзге түскен балғын волейболшыларымызды айтпағанда, 9-11 сынып оқушылары арасында өткізілген аудандық волейбол жарысында ұлдар командасы І орын, қыздар командасы ІІ орын иеленіп, қуанышымызды одан бетер еселей түсті.
Оқушылардың жүлделі орын алуына, күні-түні тыным таппай, сенбі, жексенбі күндерінде өз шаруасын ысырып тастап дайындаған дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері Нұролла Өтепқалиев пен Уәлихан Жұбанаевтың еңбегі қайтты. Алдағы наурыз айында өткізілетін облыстық сайысқа күні бүгіннен қызу дайындық басталды. Облыста ауданымыздың намысын қорғау біздің мектеп командасына жүктелуі оқушыларымыздың спортқа деген қызығушылығын күшейтті. Артқан сенім ақталады деген ойдамыз.
Әлия Жұмашева,
Б.Нысанбаев атындағы орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.