Атырау командасы - "Нұрсұлтан шыңында"

 Биыл да дәстүрлі "Нұрсұлтан шыңы-2019" альпиниадасы өтті.

Оған Атырау облыстық "Нұр Отан" партиясының ұйымдастыруымен арнайы команда жіберілген болатын. "Алматы спорты" әлеуметтік жобасының аясында өткен шарада команда діттеген шыңға көтеріліп, 4 мың метрден астам биіктікті бағындырды.

1

Команда жетекшісі Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің аға оқытушысы Рафаэль Хабиров: -Бір күн бұрын Медеу шатқалына көтеріліп, дайындықтан өтіп, сол маңда шатыр тігіп дем алдық. Ертесіне таңғы бесте жолға шығып, тастан-тасқа өрмелеп, қармен алысып, бес сағаттан астам жүріп жеттік. Шыңға көтерілгенде ауа райы бұзылып, бұршақ аралас қар жауды. Орта жолда жаңбырға да тап болдық. Қорқыныш та жоқ емес. Дегенмен, бұл екінің бірінің қолынан келмейді. Нағыз шыдамдылықтың сыналар сәті,- дейді.

3

Ал команда құрамында аталмыш оқу орнының студенттері Қонақбай Тұрғанбек, Әсет Қыран, қала тұрғыны Ақмарал Исламова және Индер аудандық "Дендер" қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Жанай Амантурлиндер бар. Жалпы жылда 7 шілде күні өтетін альпиниадаға қатысушылар қатары көбейіп келе жатқан көрінеді. Шыңға көтерілгендерге Алматы қаласы спорт басқармасының арнайы сертификаты табыс етілді.

"Дендер"-Ақпарат

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика