Мемлекеттік туды балконға ілуге рұқсат берілді

Енді туды ғимараттарға, ғимарат ішіндегі пәтер балкондарында және мерекелік іс-шаралар өткізілетін жерлерде пайдалануға болады.

27 қарашада премьер-министр Асқар Мамин ғимараттардың қасбеттеріне мемлекеттік туды ілуге рұқсат беретін «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұран мәтінін пайдалану (белгілеу, орналастыру) ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы қаулысына өзгерістер мен толықтыруларға қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қаулыға сәйкес, ережеде 4-тармақтың бірінші абзацы келесідей көрсетілген:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын жеке және заңды тұлғаларға патриоттық сезімдерін, қазақстандық бірегейлігін білдіру, елдің, оның азаматтарының жетістіктерін қолдау мақсатында ғимараттарда (тұрғын және тұрғын емес үй-жайларда), ғимарат ішіндегі пәтер балкондарында және мерекелік іс-шаралар өткізілетін жерлерде пайдалануға (орнатуға) болады.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік рәміздерді пайдалану ережелерін қайта қарау туралы ұсыныс жасаған болатын.

24.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521