Көпбалалыларға жәрдемақыны 42 500 теңгеден беру жайы сөз болды

Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов кірістеріне қарамастан барлық көпбалалы отбасыға 42 500 теңгеден төлеу туралы ұсыныс айтты.

Отырыс барысында министр қазақстандық балалардың 60 пайызы көпбалалы отбасыдан екенін алға тартты деп хабарлайды Tengrinews.kz. «Осыған байланысты көп балалы отбасылардан атаулы әлеуметтік көмек алушыларды алып тастауды және табысына қарамастан оларға қолдау көрсетуді ұсынамыз. Бұл көп балалы аналардың беделін арттырып қана қоймай, олардың әлеуметтік әл-ауқатын да жақсартады», - деді министр.

Оның айтуынша жәрдемақының көлемі тағы да сараланады. Төрт балалы отбасы айына 42500 теңгеден алады. Бала саны көп болған сайын жәрдемақы 73 370 теңгені құрайды. Бұған дейін көпбалалыларға жәрдемақыны 50 пайызға көтеру туралы ұсыныс айтылған еді.

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика