Өткен аптада облыс орталығында 15 жылдан кейін дәстүрлі республикалық Махамбет атындағы сыйлықтың жаңа иегерлерінің қатарлары жаңа есімдермен толықты. Бұл әр қазақстандық, соның ішінде барша атыраулықтар үшін өте мәртебелі саналатын бұл сыйлық иелерінің ортасында индерліктердің де болғанын ерекше атап көрсетуге болады.
Атырау өткен «Еске алсаңыздар біздерді, Мың рахмет сіздерге!» атты салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев дала қаһармандары Исатай-Махамбет ерлігін насихаттауға сүбелі үлестерін қосып жүрген елімізге белгілі ақын-жазушылар, кино мен театр қайраткерлері, сәулетшілерге республикалық сыйлықтарын табыс етіп, құттықтады.
Олардың қатарында ақын Әлия Дәулетбаева, Бөдене ауылында тұрғыны суретші Тілек Халин және Жарсуаттағы Махамбет атындағы мұражайдың негізін қалап, шығармашылығын насихаттап жүрген ардагер мұғалім Бисен Аталық та бар.
Жерлестерімізге мәртебелері әрдайым осылайша биік болып, сыйлықтарыңыз құтты, ізденістері мен атақтары шарықтай беруіне тілектеспіз.
С.ХАЛЫҚОВ.