Табылдымен мақтанайық

Табылды өз елінің патриоты еді. Жап-жас әскерге барған кезінде өзі туған Нарынның құмын сағынғанын былай деп суреттейді:

«Сағындым бәрін сағындым,

Сағынғанның несі мұң?

Қояндай желге жан тосып,

Жатырма екен Нарын құм?» -десе,

Бірге оқыған жолдастары:

-Біз асқар тауымызды суреттейміз, миуалы бауымызды суреттейміз. Сен нені суреттейсің десе:

«Қыр баласы тауға қарап өспейді,

Қыр баласы қол созады аспанға» -деп асқақтайды – демей ме? 

Таудан да биік аспан бар дейді «Биіктік» деген өлеңінде.

Өзінің туған ауылы жайлы «Жотасы биік Дендерім» деген өлеңінде

«...Дендер деген – ардақ жер,

Талайға арман болған жер.

Жеті жұрт көшіп үстінен,

Асанқайғы ізін салған жер

Елдігін сақтап ерлері,

Айқайлап жауға барған жер...» - демей ме!

Бұндай қуатты сөз елін, халқын сүйген Табылдан ғана табылып тұр. Табылдының үлгі алар қайнар бұлағы бабалары Махамбет, халық ақыны Қиса. Индердің біртуар ұлдары Махамбет поэзиясын орыс тіліне аударған, Бейбарысты Беріш екенін танытқан жазушы Бекет Қарашин сияқты ағалары.

Табылды – Қазақ халқының мақтанышы, біртуар ұлы. Біз Табылдыны мақтамайық, Табылдымен мақтанайық ағайын!

Ғайни ГАБДУЛЛИНА,

Индер ауданының Құрметті азаматы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT