Сарайшық туризм орталығына айналмақ

Атырау өңірінде қастерлі әрі тарихи орындар көп. Соның бірі – ежелгі Сарайшық қаласы бой көтерген жер.

Алтын Орда заманында маңызды рөл атқарған шаһардың Қазақстан аумағында орналасуы тегін емес. Бұл төл тарихымыздың тамыры терең екенін көрсетеді.

Осы орайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте тарихи орын Сарайшықты туристердің қызығушылығын арттыратын маңызды орталыққа айналдыру жөніндегі жобаны жүзеге асыруға қолдау көрсету жөніндегі тапсырмасы көңілге қонымды, жағымды жаңалықтың бірі екені сөзсіз.

Жалпы Атырау облысындағы туристік соқпақтардың көптеп ашылуы үшін атқарылар жұмыстар аз емес. Оған алдымен жоғары дәрежеде ойластырылған жоспар, нақты да тиімді жұмыстар, іс пен қаракет керек. Бұл жұмыста жолдардың сапасы айрықша рөл атқарары анық. Бұл жай да Президенттің сөзінде атап өтіліп, нақты тапсырмалар берілген жөн болды.

Ол сондай-ақ «Сарайшықтың маңыздылығы мен танымалдығын арттыру үшін заманауи туризм инфрақұрылымы қажет. Әкімдік Үкіметтен визит-орталық құрылысына қаражат сұраған екен. Бірақ, келісімін әлі алмаған. Үкіметке осы мәселені дереу шешуді тапсырамын» деді.

С.БИСЕНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT