Қисаға неге көз салмай келеміз?

Елбасы Н.Назарбаев: «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында дала фольклоры мен музыкасының мың жылы жобасы аясында бізге «Дала фольклорының антологиясын» жасау керек.

Мұнда Ұлы дала мұрагерлерінің өткен мыңжылдықтағы халық ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілері-ертегілері, аңызәфсаналары, қиссалары мен эпостары жинақталады. Сонымен қатар қазақтың қобыз, домбыра, сыбызғы, сазсырнай және басқа да дәстүрлі музыкалық аспаптарымен орындауға арналған маңызды туындылар топтамасын – «Ұлы даланың көне сарындары» жинағын басып шығару қажет.

Ұлы Даланың фольклоры мен әуендері заманауи цифрлық форматта «жаңа тыныс алуға тиіс» деп атап көрсеткен болатын. Осындай ұлы даланың асыл перзенттерінің бірі әнші, ақын қазақ өнеріне өлшеусіз үлес қосқан Қиса Көпжанұлы (1884-1921ж.ж) есімі ел жадынан шығып барады. «Қай Дендер, мына Дендер, Дендер, Дендер, Дендерді жайлаушы еді көшкен елдер. Самғаурын саздың суы азар қайнап, Сол шәйді құюшы еді бұраң белдер», - деп туған жерін жырға қосқан Қиса ақынның Балсан сұлу, Жәми қызбен айтысы заманында ел арасында кеңінен тараса, «Сағындым Жайық», «Қисаның әні» сынды жырлары республика сахналарында орындалып жүр.

Бұл туралы өлкетанушы Мәжит Мұхтаровтың, Ұлттық Жаратылыстану ғылымдарының академигі Өтепберген Әлімгереевтің көлемді еңбектері бар. Өкінішке орай туған жерін шексіз сүйіп, қасық қаны қалғанша қорғап өткен қайсар ақын 1921 жылы Әндрей тоғайында желтоқсанның ызғарлы күнінде ақ казактардың қолынан қаза тапты. Есболға қарасты туып өскен жері Шыңбайда мәңгілік жыр жастанған ақынның мұралары насихатталмай, қоғамнан өз бағасын ала алмай келе жатыр.

Осыған орай тарихи тұлғаның есімін ардақтап, асыл мұрасын насихаттау мақсатында облыстық ғылымитәжірибелік конференция, батыс аймақтық әншілер байқауы өтсе, дәстүрлі әндерді дәріптеудегі оңды іс болар ма еді деген ой көңілге тыным бермейді. Осы ұсынысымыз аудан әкімдігінің алдағы шараларының қатарына енсе құба-құп болар еді.

Жанай АМАНТУРЛИН,

аудандық мәслихат депутаты

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика