КҮЙ КӨБЕСІН СӨККЕН КІМ?

Күні кеше Махамбет аудандық «Өнерпаз» мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының халық әртісі, Мемлекет сыйлығының және «Парасат» орденінің иегері, күйші Қаршыға Ахмедияров атындағы «Қазақтың Қаршығасы» атты облыстық күй орындаушылар байқауы өткен болатын.

Белгілі күйші Қ.Ахмедияровтың аса дарынды домбырашылығын, қазақтың күйшілік өнерін және күйлерді орындаудағы шеберлігін өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттаудағы ерен еңбегін паш ету мақсатындағы байқауға әр ауданан кілең мықтылар қатысып, екі кезең бойынша сынға түсті. Айталық, бірінші сында міндеттелген күй орындалса, келесі кезеңге жеребе суыру арқылы жолдама алады. Осы қос кезеңнен сүрінбей өтіп байқауда аудан намысын қорғаған жерлесіміз, қазіргі таңда «Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжінің оқытушысы Зұлқарнай Қайратұлы I орынды еншіледі.

Жеңіске жеткен жерлесімізге ізгі тілегімізді білдіре отырып, осындай тума таланттарды қадірлеп, ардақ тұтып, жас дарындыларды танытар байқаулар легі көбейе берсін демекпіз.

«Дендер»-Ақпарат.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT