Егемен ел-татулықтың ордасы

Тәуелсіз қазақ елі татулықты ту етіп, бекем бірлігін басты ұран еткен бағаналы орда екені тарихтан мәлім. Кешегі күннен сыр тартар болсақ қиын кезде өз ата-мекендерінен үдере көшкен өзге ұлтты бауырға тартып төрден орын берген, құрметі мен ізетін аямаған ел ретінде өзгелерге үлгі.

Елбасының тікелей бастамасымен өмірге келген 1 наурыз - Алғыс айту күніне орай аудандық мәдениет үйінде «Алғыс айту-игі іс» атты шарада алдымен аудан әкімі Мейірім Қалауи сөз алып мерейі өсіп, мейманасы тасыған бақуатты елдің бұл мерекені ерекше атап өту себебіне айрықша тоқталып, татулық пен бірлік басты ұстаным болып отырған тұста әрбір аудан жұртшылығы одан қалыс қалмайтынына сенім білдірді.

sarmad

Сөзінің соңында өздерінің еселі еңбектері арқылы әріптестерінің құрметіне бөленіп жүрген аудандық прокруатураның жедел қызметшісі Мақсот Мұқашевке, «Ақтау-Битум» ЖШС-ң аға лаборанты Таскира Кастеринаға, Индер-Су» мекемесінің техникалық диспетчері Любовь Рябоваға, «Атырау-Жарық» АҚ Индер аудандық бөлімшесінің арнайы көлік жүргізушісі Дения Абляевке Алғыс хат табыс етті.

Марапаттау шарасы аяқталған соң Халықаралық, республикалық конкурстардың лауреаты «SARMAD» этно-фольклорлық ансамблінің «Көктем сазы» атты шығармашылық кешіне ұласты. Ұлттық төл өнерімізді ұлықтап жүрген аталмыш ансамбль жетекшісі әрі негізін қалаушы «Алаш ұстазы» төсбелгісінің иегері Бауыржан Ақтаевтың айтуынша, ансамбль негізінен Елбасының рухани жаңғыру бағдарламасы арқылы өмірге келіп ұлттық аспаптарымызды жарыққа шығаруды басты ұстаным еткен.

khalyk

Ансамбл елге кеңінен тараған әндер мен күйлерді орындады. Олардың қатарында «Шашу», «Әгугай», «Ахау керім», «Туған жер», «Шаңқобызға арнау», «Япурай», «Көктем сазы», «Жаппас қобыз» бар.

Сондай-ақ «Мен Қазақпын» мега жобасының жеңімпазы, Жәнібек Жәмиевтің, аймаққа белгілі термеші Берік Амантаевтың, Руслан Сұлтанғалиевтың орындауындағы шығармалар көпшілікті баурап алды. Ұлт ұстазы - данышпан Абай атамыздың «Көзімнің қарасы» әнін тыңдарман қауым ансамбльмен қосылып шырқағанда сахна ажарланып шыға келді. Шара соңында аудан әкімі Мейірім Қалауи ансамбіл мүшелеріне өнер көрсеткені үшін аудан жұртшылығының атынан Алғыс айтып, ықылас гүлі табыс етілді.

С.КӨШЕКОВ

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика