«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыста өткен «Өнегелі әже» ұлттық танымдық әжелер байқауында кент тұрғыны Бақытжан Жайымова аудан намысын қорғап жүлделі 2 орынды жеңіп, 300 мың ақшалай сыйлық иегері атанды.
Байқаудың алғашқы кезеңінде әжелер өзін және отбасын таныстыра отырып, экраннан слайд арқылы уыздай ұйыған жанұяларының тыныш-тіршілігін, отбасы өмірін баян етіпті. Ұлттық салт-дәстүрімізді ұлықтар байқауда әжелер бесік жырын шырқай отырып немерелерін бесікке салып, ұлттық тағам дайындап, қолөнер бұйымдарын әзірлеп, олардың жасалу жолдары мен құндылықтарына заманауи тұрғыда экраннан видео арқылы көрерменге жеткізген.
-«Өнегелі әже» атты байқауы ғасырлар қойнауына кететін халқымыздың көздің қарашығындай сақталған өмір көрінісі мен бейнесі ,мыңдаған жылдық тәжірибесінің бізге жеткен кәусар бұлақтың бір тамшысы ғана. Бірінен – біінің өнері асқан әжелердің өнерін бағалау әділ - қазыларға оңай соққан жоқ, – дейді ұзақ жылдар Борат мәдениет үйінде қызмет етіп ауданымыздың руханиятына еңбек сіңірген мәдениет саласының ардагері Б.Жайымова.
Г.ИГІЛІКОВА