Тазалық - тамақтан уланбаудың кепілі

Қоғамдық денсаулық басқармасында аудандық орталық аурухананың медициналық қызметкерлері, аудандық білім бөлімінің әдіскерлері, «Жасөркен» лагері мен БАҚ өкілдері қатысқан баспасөз конференциясы өтті.

Конференция барысында басқарма басшысы Ш.Ержанова «Жіті ішек инфекцияларының және тамақтан уланудың алдын алу айлығын» өткізудің іс-шаралар жоспарымен таныстырып, аталмыш аурулардың аумағындағы эпидемиологиялық ахуалымен таныстырды .

Шара барысында айлық аясында өткізілуі тиіс шараларды орындау жолдары, мерзімдері мен жауапты мекемелерге тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, аталмыш аурулардың алдын алу бағытында қолданылатын санитариялық қағидалардың талаптары мен енгізілген жаңа өзгерістер талқыланды.

Конференцияда білім бөлімі әдіскерлері тарапынан балаларды ұйымға қабылдау ережелері туралы, қабылданғанда өткізілетін медициналық тексерулер мен зертханалық зерттеулер жөнінде өзекті мәселелер де көтерілді.

Қорыта айтқанда, жіті ішек жұқпалары мен тамақтан улануларды болдырмаудың басты шарты – халықты санитарлық ағарту, науқастанғандарды ерте анықтап, ұжымдасқан ұйымдардан оқшаулау, емдеу, жеке бас гигиенасы мен тағам қауіпсіздігін сақтау деген түйін жасалды.

 

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT