"Снюс" темекісіне тыйым салынуда

«Снюс» шегуге арналмаған темекі және темекісіз өнімдерін әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға тыйым салу туралы қаулы шықты.

Қаулыда (ҚР мемлекеттік Бас санитариялық дәрігерінің 12.12.2019 жылғы № 7) көрсетілгендей жасөспірімдер мен жастар арасында шегуге арналмаған темекі және темекісіз өнімді тұтыну кеңінен таралған делінген. Құрамында 20 мг-нан 250 мг-ға дейін никотіні бар( салыстыру үшін бір сигаретте 1,5 мг никотин бар) «снюс » деп аталатын (шайнайтын және соратын қоспалар) кеңінен таралған.Құрамында никотиннің дозасының өте көп болуына байланысты, оларды тұтыну жүйкенің уытты бұзылысын тудырады, бұл сананың бұзылуына ,одан әрі дене және мінез-құлық тәуелсіздігіне алып келеді. Никотіннің өлімге әкелетін орташа мөлшері бір килограмм салмаққа 0,5-1,0 мг.құрайтынын ескерсек, балалар мен жасөспірімдердің аз салмағында мұндай мөлшер өлімге алып келуі мүмкін делінген.

Халықаралық зерттеулер бойынша пайдалану кезінде снюс қызыл иек пен еріннің арасына салынады.Соның салдарынан ауыз қуысының шырышты қабықшасында тері аурулары, қызыл иектің қабынуы және одан әрі онкологиялық ауруларды туғызады.Жасөспірімдердің айтуына қарағанда , «снюс» шегуге арналмаған темекі және темекісіз өнімдерін олар интернет-дүкен арқылы, сондай-ақ қоғамдық орындарда «қолдан »(ойынханалар, сауда орталықтары,түгн клубтарда)сатып алады, яғни тарату және тарту тәсілдері есірткі заттарын таратуға ұқсас.

Егер « снюс» шегуге арналмаған темекі және темекісіз өнімдеріне қолжетімділікті шектеу және халық арасында ақпараттық түсініктеме жұмыстарының кешенді шараларын қолданбаса,жағдай одан әрі нашарлайды.

Қаулыға сәйкес аудандағы темекі және темекісіз өнімдерді сату орындарына, барлық жеке кәсіпкерлік субьектілеріне, жеке, заңды тұлғаларға, Облыстық Кәсіпкерлік палатасының аудандық филиалына және ауылдық округ әкімдеріне қаулы таныстырылып, хат жолданды.

Кентегі «Лидер» ,27 сауда орындарына аталмыш өнім туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қаулы таныстырылды. Аудандық білім бөлімі, жастар орталығы ,ішкі істер бөлімімен бірлескен іс-шаралар негізінде акциялар өткізілу жоспарлануда.

Егер сіз « снюс» зияндылығы туралы ақпаратты жеткізіп,дүкен сөрелерінде құрамында никотині бар сюнс өнімін көрген жағдайда шұғыл түрде басқармаға жазбаша , 2-11-88 нөміріне хабарласу қажеттігін ескертеді.

Ш.Ержанова

Индер ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521