Облыстағы медициналық мекемелер оттегі концентраторымен қамтамасыз етілген

Атырау облысында медициналық мекемелерге кислородтық жүйе тартылуда Қазіргі уақытта өңірдегі медициналық мекемелер 25 оттегі концентраторымен қамтамасыз етілген, бүгін тағы 5 құрылғы келеді деп күтілуде, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров мәлімдеді.

- Бүгінде провизорлық және барлық стационарларға оттегі концентраторлары қойылуда. Бұл арқылы кислородтық баллондар саны азаятын болады. Осының аясында жаңа ғимаратақа кислородтық жүйені тартып жатырмыз. Аталған жұмыстар тамыз айының басында бітуі керек, - деп түсіндірді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров.

Атырау облыстық ауруханасының бас дәрігері Ербол Иманғалиевтің айтуынша, оттегі концентраторларын қолдану дәрігерлердің жұмысын айтарлықтай жеңілдетеді. Өйткені, бұдан бұрын қолданыста болған кислородты баллондар ыңғайсыз болатын. Баллондар ауыр және оттегіні үнемі толтырып тұруды қажет ететін.

- Қазіргі уақытта біз көлемі 5 литр оттегі концентраторларын қолданып жатырмыз. Сәйкесінше, оттегі баллондарының санын азайтамыз, - деді Ербол Иманғалиев.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика