ЖОЛЫҢ МЕН ЖӨНІҢ БІР БӨЛЕК

Қазақтың бүгінгідей азат тарихында ойып алар орны бар «Дендер» газеті 85 жылдық шымыр да шырайлы биігіне қоныс тепкенде қоңыраудай күмбірлеген шуақты көңілмен қуанышын еселеп, өткенге салауат айттық.

Арғы тегінен бері қарай тегістеп, өткеніне көз жүгіртсек ел сөзін сөйлеп, өміршең істің өнегесін созған Ғабді Аманғалиев, Сүндетқали Ерғалиев, Қабдол Қарабалин, Ізни Нұрқасинов, Дошу Шененов, Ғилымғали Сайханов, Теңдік Жауыров, Уәжит Машанов, Төлеубай Ысқақов, Мүтәлі Шәріпов, Ізтелеу Көпбаев т.б. көкелердің ұлы бейне – ұлағатты іздері өшпестей болып көз алдыңда сұлбаланады. Аруақтарына мың да бір тағзым!

«Социалистік мал шаруашылығынан» мәре сызығын қиып, «Коммунизм туы», одан «Индер» болып, Тәуелсіздік жылдары «Дендер» болып жөніне көшкен айтулы газеттің арамызда жүрген үлкенді-кішілі тұлғалары Ерсайын Көшеков, Сансызбай Базарбаев, Сүйеу Халықов, Назарбек Қосшиев, т.б. әріптес бауырларыма айтулы той, айшықты мереке құтты болсын демекпін! Қысқа күнін бұлт бүркемейтін, інілік борышына адал, көпшіл де көркем мінез иесі Жанай Амантурлинге және ол басқарған тамаша шығармашылық ұжымға той-тойға ұласып, одан әрі табысты бола беріңдер деген «Серперлік» әріптестеріңнің ақжолтай сәлемін жолдаймын.

Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Мамайлардың асыл да азат арманына қылау түсірмей, ұстараның жүзінде ғұмыр кешсе де ұлттық ұстанымынан айнымаған Махамбет, Малайсары, Баламайсан, Мұраттардың, кешегі Боранның сарқылмаған суын ұрттап, тартылмаған ауасын жұтып, солар басқан киелі топырақты баса тұрып, «жаман болуға біздің хақымыз жоқ» міндетін бек түсінген бірегейлерім, халықтық думанға ұластырған ұлан-асыр тойларыңа шын көңілден қайта-қайта құтты болсын айтамын!

Таңатар Дәрелұлы,

Құрманғазы аудандық «Серпер» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT