Талабы зор Рахман

Бөдене орта мектебінің 2 сыныбында оқитын Серік Рахман Саламатұлы - дарынды оқушы.

Бірінші сыныптан-ақ алғырлығымен, зеректігімен, білімге деген құштарлығымен көзге түсті. Әсіресе қарапайым ауылдың қазақ сыныбында оқи тұра, орыс тіліне деген оның бейімділігі, пәнге деген қызығушылығы айрықша. 2 сыныптан бастап осы тілдік бағыттағы түрлі интеллектуалды сайыстарға, ғылыми жобаларға қатысып, жүлделі орындарды иелене бастады. Ол Атырау қаласында өткен 1-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» облыстық байқауына қатынасып жүлделі І орынды иемденіп, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атанды.

Үздік атанған жас дарын енді 2020 жылы 27-29 қаңтар аралығында Көкшетау қаласының «Балдәурен» РОСО базасында өтетін жас зерттеушілердің «Зерде» байқауының ХV республикалық кезеңінде аудан намысын қорғамақ.

Өз жобасы арқылы орыс тілін үйренуде әлеуметтік желінің, түрлі дамытушы бағыттағы сайттардың және онлайн оқулардың тигізер пайдасы зор екендігін дәлелдеуді мақсат тұтқан оның өзге қатарластарына қарағанда ойы ұшқыр. Осы орайда ғылыми жетекшісі жетекшісі Фаузия Сәрсенғалиева:

– Рахман - өте зерек оқушы. Үйреткенді тез ұғып, тапсырмаларды өз бетінше орындай алады. Орыс сөздерінің мағынасын өте жақсы түсінгендіктен, осы тілде диолог жүргізу, мәтінді оқып, мазмұнын өз түсінігі бойынша жеткізу оған еш қиындық келтірмейді. Шәкіртімнің тынымсыз дайындығының арқасында осындай нәтижеге қол жеткіздік. Оқушым осы қарқыннан таймаса, алдағы уақытта талай белестерді бағындырады деген сенімдемін,-дейді.


Әлі ойын жасындағы бала болса да Рахманның білімге деген құштарлығы басым, болшағына қойған мақсаты айқын. Бос уақытында орыс тіліндегі түрлі кітап пен ертегіні көп оқитын оның тілді меңгеруде алға қойған арманы асқақ. Оған мұндайда ең алдымен, бағыт-бағдар беретін мұғалімі. Ал осы орайда жетекшісінің еңбегі әрине, өлшеусіз.

Диас АЙБАР

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика