Индер ауданында 104 кезекші сынып ашылады

Биылғы оқу жылы өзгерістерге толы болып отыр. Солардың бірі - бастауыш сынып оқушыларына қатысты.

Мәселен, бастауыш сынып деңгейіндегі балалардың әсіресе, 1-сыныпқа келетін оқушылардың өздігінен білім алу, жазу, оқу дағдыларының толық қалыптаспағандығынан оларға қашықтықтан оқып-үйрену қиынырақ соғатыны сөзсіз. Бұл жөнінде аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Орынша Ділмұқашевадан білгеніміздей, қазіргі таңда ата-аналардың өтініштері негізінде аудандағы 15 мектепте 104 кезекші сыныптар (1-4 сыныптар арасында) ашуды жоспарланып отыр. Онда оқу режимі кезінде санитарлық талап қатаң сақталады.

Міне, санаулы күндерден соң жаңа оқу жылы да басталады. Оған дайындық шаралары мейлінше ыждағаттылықпен жүргізіліп, оқушылар мен ұстаздардың жайма-шуақ көңіл күйде кездесу бұйырса деген тілек бар. Кемеле келешек негізі мектепте қаланады десек, оған аудан мектептерінде толық мүмкіндік бар.

Д.АЙБАР

Индер ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT