Жол-көлік оқиғаларының саны арта түсті

Жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру және жол-көлік оқиғалары санын төмендету, сондай-ақ жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу мақсатында аудан көлемінде «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.

Осы шараға аудандық ішкі істер бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесі және жергілікті полиция қызметінің күш-құралдары жұмылдырылды. Аудандық ПБ ЖПҚ-і жол-патрульдік полиция тобының аға қызмет инспекторы, полиция кіші лейтенанты Р.Тілековке хабарласқанымызда, жүргізілген жедел-профилактикалық іс-шара кезінде 31 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталып отырғанын айтты. Оның ішінде, ҚР ӘҚБтК-нің 493-бабымен – 3, 383-бабымен – 1, 486 – бабымен – 1, 505-бабымен – 4, 440-бабымен – 5, 133-бабымен - 1, 408-бабымен – 1, 592-бабымен – 8, 590-бабымен – 6, 591-бабымен– 2, 615-бабымен – 8, 593-бабымен – 8, 601-бабымен – 5, 602-бабымен – 9, 610-бабымен – 2, 612-бабымен – 3 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген екен.

Д.МЕҢЕТАЕВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT