Жоғалған балалар мұз астынан өлі табылды

ҚазАқпарат – Атырауда құтқарушылар жоғалып кеткен екі баланың екіншісінің де денесін судан тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 11 қаңтарда жоғалған екі баланы іздеу жұмыстары аяқталды. Екеуінің де денесі «Жылы» каналынан табылды.

«Іздеу жұмыстарын құрлықта да, суда да жүргіздік. Себебі, балалардың әпкесі олар шанамен сырғанауға кеткен деген болатын. Алайда нақты қайда бет алғанын айта алмаған еді. Іздеу операциясына 15 қызметкер, 4 техника, 1 қайық, 1 ТЖД кинологиялық тобы, одан бөлек 18 полиция қызметкері мен олардың 4 техникасы жұмылдырылды. Жұма күнгі уздеу жұмыстары қараңғы түскенде тоқтатылған еді. Бүгін таң атқан соң қайта іздеуді бастадық. Бірінші бір баланың денесін таптық, кешке қарай екіншісінің де денесі табылды. Екеуі де 2010 жылы туған» делінген хабарламада.

Айта кетейік, биыл Атырау өңірінде қыс жылы болып тұр. Су қоймаларының бетіндегі мұз жұқа. Өңірде жуырда ғана төрт бала батып кетті. Оның біреуін құтқару мүмкін болмады. Біреуі өзі жағаға шықты. Екеуін полицейлер құтқарып қалған болатын.

inform.kz

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Күнтізбе

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21