Жаттығуда шыңдалады сарбаздар

Кез келген уақытта орын алатын дау-жанжалдарға дайын болу керектігін уақыт өзі көрсетіп отыр. Әсіресе, қазіргідей алмағайып қиын кезеңде әскери міндеттілердің дайындығы басты назарда ұсталуда. Осыған орай арнайы әскери тактикалық оқу-жаттығу өңірімізде басталды.

Атырау облыстық әкімдігінің арнайы нұсқауына сай ауданға қарасты «Жас өркен» демалыс лагерінде міндетті әскери қызметшілердің дайындығын саралау мақсатында онкүндік ұйымдастырылуда. Оған Индер, Махамбет аудандарымен қатар Атырау қаласынан барлығы 78 азамат тартылып отыр. Олар ертеңгілік жаттығудан бастап түрлі әскери іс-қимылдардан дәріс алып, берілген тапсырмаларды орындайды.

– Осы жиынға мамырдың 11-і күні шақыртумен келдім. Бұл жерде мені взводтың 2 бөлімше командирі етіп тағайындады. Жиын жақсы өтіп жатыр, – дейді бөлімше командирі Ерлан Жұмашев.

Жылма-жыл өтіп отыратын әскери-тактикалық оқу-жаттығудың тағы бір мақсаты бұрын әскер қатарында болған азаматтардың дайындығын пысықтап алумен қатар, оларды жаңадан қолданысқа енгізілген талаптармен таныстыру, бұрын әскери қызметте болмаған азаматтарға өз тәжірибесімен бөлісуге мүмкіндік жасау. Олардың қатарында Абзал Нұрымов та бар.

– Жалпы мен осында әскери кафедрада оқыдым. Қазір жазғы әскери оқу жаттығуына келдім. Мұнда бәрі жақсы. Таңғы жаттығу, әскери сабақтар және тамақтану тұрғысынан жағдай жасалған.

Әскери өмір қатаң тәртіп пен ептілікті, жылдамдықты талап ететін салалардың бірі ғой. Сондықтан да, мен бала кезімнен әскери қызметкер болуды армандаған едім. Сол арманым орындалып, осы салада қызмет етуге талаптанып жүрмін, – дейді жас әскери қызметші Абзал Нұрымов.

Әскери-тактикалық оқу-жаттығудың әр күні сараланып, алдағы күнге тиісті міндеттер белгіленеді.

С.ҰЗАҚҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT