Жасырған жазаға тартылады

Жалпыға бірдей декларациялауға көшудің мақсаты – көлеңкелі экономикамен және сыбайлас жемқорлықпен күрес үшін жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкіне тиімді бақылау жүйесін құру.

 

Cондай-ақ салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауды қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлін күшейту болып табылады. Жалпыға бірдей декларациялауға көшуді қамтамасыз ету бойынша негізгі міндеттер:

*жалпыға бірдей декларациялауды енгізудің әдістемелік негіздерін әзірлеу және оларды заңнамалық қамтамасыз ету;

*жеке тұлғалардың декларацияларын қабылдауға және өңдеуге мемлекеттік органдарды дайындау бойынша іс-шаралар жүргізу;

*кірістер мен мүлікті декларациялаудың халық үшін анағұрлым қолайлы рәсімін жасау;

*жалпыға бірдей декларациялауға көшу мәселелері бойынша халықты кең ауқымда ақпараттандыру;

*декларацияны толтыру және табыс ету бойынша халыққа мемлекет тарапынан әдістемелік көмек көрсету;

*жеке тұлғалар декларациясын тиімді камералдық бақылау жүйесін құру болып табылады.

Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялауды 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізу жоспарланды. Жалпыға бірдей декларациялауға көшу жеке тұлғаларды салықтық әкімшілендіруді 100 пайызға қамтуға мүмкіндік береді, бұл жеке тұлғалардың салықты толық төлеуін қамтамасыз етеді.

Декларациядан жалтаруды болдырмау үшін ықпал ету шаралары да қарастырылған. Бірінші рет ескертумен шектелсе, екінші рет бір жыл ішінде қайталанған жағдайда әкімшілік құқық бұзылышылық кодексімен жазаға тартылады.

А.Базарбаев,

Индер ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT