Жас көшбасшылар бас қосты

Индер аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, парасаттылық мәдениетін ілгерілетуге орай «Жастар пікірі көшбасшыларының қатарынан спикерлер пулын қалыптастыру және тұрақты өзектендіру» тақырыбында оқушылар мен студенттер арасында кездесу өтті.

Аталған іс-шараның мақсаты жастарды адал жолмен жүруге, адалдыққа үйрету. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру болып табылады. Кездесуге қатысушылар өз ойларымен бөлісті. Үш топқа бөлініп «Егер мен болашақта ҚР Президенті болсам, сыбайлас жемқорлықпен қалай күресер едім?» тақырыбында постер қорғады.

Шараны Индер аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Т.Бертлеуов ашып, сыбайлас жемқорлық- қоғам дерті туралы түсінік жұмыстарын жүргізді. Шара соңында "Атырау адалдық алаңы "жобалық кеңсесінің Индер аудандық өкілі Гүлім Ханатқызына, Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінің оқытушысы Гүлназ Әбілжанқызына, Индер аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Диас Ағысұлына сөз кезегі беріліп, шараның өзектілігіне тоқталып өтті.

Кездесуге қатысқан көшбасшылар:

1. Болатбекова Жамилия (Индер көпбейінді ауыл шаруашылық колледжі)

2. Сағынтай Әділ (Индер көпбейінді ауыл шаруашылық колледжі)

3. Нәсіпқалиев Заңғар (М.Әуезов о/м)

4. Бағдатова Әсемай (М.Әуезов о/м)

5. Демешов Нұрпейіс (С.Сейфуллин о/м)

6. Әлібекқызы Айтолқын (С.Сейфуллин о/м)

7. Садық Сәулемай («Көктем» о/м)

8. Райымбекова Айкөркем («Көктем» о/м)

9. Серікова Альбина (Ш.Уәлиханов о/м)

10. Кумашев Илияс (Ш.Уәлиханов о/м)

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521