Елімізде зейнетақы мен жәрдемақылар өсті. Нақты айтқанда зейнетақы сомасы ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап 5%, ал базалық зейнетақы төлемі жаңа күнкөріс деңгейінің көлеміне сай өсті.
Сол сияқты күнкөріс деңгейіне байланысты 18 жасқа толмаған мүгедекбаланың ата-анасына (қамқоршысына, корғаншысына) және 18 жастан асқан бала жастан бірінші топ мүгедектің күтушісіне төленетін жәрдемақылар өсіріледі.
№1 және №2 тізім бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақы, бала тууына байланысты бір дүркін, бала бір жасқа дейінгі оның күтіміне байланысты және арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар айлық есептегіш көрсеткештен (АЕК) есептеледі. Сәуір айынан бастап төлемдер кері есептеліп, барлық өсімдердің айырмасы төленеді.
Атап айтқанда, 01.04.2020 жылдан бастап мүгедектігіне байланысты мемлекеттік жәрдемақылар сомалары төмендегідей болады:
*жалпы аурулығы бойынша:
бірінші топтағы мүгедекке - 62723,00
екінші топтағы мүгедекке - 49983,00
үшінші топтағы мүгедекке - 33975,00 теңге;
*бала жастан аурулығы бойынша:
бірінші топ мүгедекке- 62723,00
екінші топ мүгедекке - 51943, 00
үшінші топ мүгедекке - 39202,00
16- жасқа дейінгі мүгедекке - 45736,00 теңге.
Ал, әскер қатарында жүріп мүгедектік алғандардың жәрдемақы мөлшері мынадай болады:
бірінші топ -91798,00
екінші топ-78404,00
үшінші топ-65663,00 теңге;
18 жасқа толмаған мүгедекбаланың ата-анасына (қамқоршысына, корғаншысына) және 18 жастан асқан бала жастан бірінші топ мүгедектің күтушісіне төленетін жәрдемақының сомасы - 45736,00 теңгеге тең.
Ал, асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік жәрдемақының бала санына қарай мөлшерлері:
бір балаға: 28095,00
екі балаға: 48676,00
үш балаға: 60436,00
төрт балаға: 64030,00
бес балаға: 66317,00
алты балаға: 68930,00 теңге;
тұлдыр жетім балаларға:
бір балаға: 38549,00
екі балаға: 777097,00
үш балаға: 115645,00
төрт балаға: 154193,00
бес балаға: 192742,00
алты балаға: 231290,00 теңге болады.
1- тізімі бойынша жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда және 2- тізімі бойынша еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда жасағандарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақылар айлық есептегіш көрсеткіштен өсіріледі.
1-тізім бойынша жәрдемақы көлемі -26169,00 тг,
ал 2-тізім бойынша -23280,00 тг болады.
Бала босануына байланысты бір дүркін және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне төленетін жәрдемақылардың өзгерістері төмендегідей:
бірінші, екінші немесе үшінші баласын босанғандарға -105564,00
ал төртінші баладан әрі қарай 175014,00 теңге төленеді.
Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне ай сайын төленетін жәрдемақының жаңа мөлшерлері:
бірінші балаға - 16002,00
екінші балаға - 18919, 00
үшінші балаға - 21808,00
төртінші баладан әрі қарай - 24725,00 теңге.
Сонымен қатар отбасында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақылардың жаңа мөлшерлері бала санына қарай төмендегідей болмақ:
4 баласы бар отбасыға – 44532,00
5 баласы бар отбасыға – 55672,00
6 баласы бар отбасыға – 66811,00
7 және одан көп баласы бар отбасыға – 77951,00 теңге.
Г.ЖАЛҒАСБАЕВА,
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ
Атырау облысы бойынша филиалының
Индер аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы