Таяуда «Nur Otan» партиясы аудандық филиалында «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ облыстық филиалының барып қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Ж.Исмановтың қатысуымен «Ашық есік күні» өтті.
Бұл күні келушілерге қор қызметкерлері зейнетақы жарналарының түрлері мен жеке зейнетақы шоты туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, салымшыларға барлық мағлұматты электронды жүйе арқылы қалай бақылап отыру керектігі түсіндірілді. Сондай-ақ Ж.Исманов зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік пен жарналардың түрлері де сөз етті. Бөлімнің бас маманының айтуынша, БЖЗҚ-дан ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығына 50 жасқа толмағандар, мүгедектер, ҚР шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, ҚР заңнамасын белгіленген, кету дерегін растайтын құжаттарды ұсынған шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар, БЖЗҚ-да ЕЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары бар, қайтыс болған адамның мұрагерлері ие.
Жалпы «Ашық есік күніне» келген тұрғындарға зейнетақы қоры жөнінде толық ақпараттар берілді.
Өз тілшіміз