Төтенше жағдайға дайындығымыз қалай?

Биылғы күз еліміздің бірқатар аймақтары үшін оңай басталмағаны белгілі. Әсіресе Қостанай жерінде болған алапат өрттің салдары адамзат баласының тағдырына ауыр соққы болып тиді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шұғыл тапсырмасына сәйкес, Үкімет атқа қонып, жедел шаралар қабылданды. Халық болып жұмылып, қолда бар көмегін ұсынды. Осынау алапат еліміздің төтенше жағдай қызметінің қауқарын көрсетіп бергендей болды.  Ендігі жерде қойылар талап пен тәртіптің қатаң болатынын ескерткен мемлекет басшысы саланы жаңғырту үшін атқарушы билікпен қатар салалық министрлікке бірқатар міндеттер жүктеген болатын.
Айтқандайын Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен Индер ауданы, Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдіктері бірлесіп табиғи өртті сөндіру кезінде бірлескен трансшекаралық  өрт-тактикалық  оқу жаттығу өткізді. Елтай селолық округі Аққала ауылы аумағында өткізілген оқу жаттығуға қос ауданға қарасты өрт сөндіру бөлімшелері, тиісті бөлімдері мен мекемелер, орман шаруашылығы қатынасып тәжірибе алмасып, табиғи өртті ауыздықтауға атсалысты. Индербор кентінің әкімі Асхат Аймұратов төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға шолу жасап өтті.
-Бүгінгі оқу-жаттығудың мақсаты – жергілікті атқарушы органдардың, еріктілердің іс-қимылдарын қарап, дала өрттерінің алдын алу. Өздеріңіз көріп отырғандай дала өртін сөндіру жұмыстары жүргізілді. Болашақта мұндай бірлескен оқу-жаттығулар тұрақты түрде өтіп тұратын болады. Бұл мамандардың тәжірибе алмасуына мүмкіндік берсе, екінші жағынан техникалық базаның жұмыс істеу ауқымын бағамдауға мүмкіндік берілмек дейді, - Атырау облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент бастығының орынбасары Жасұлан Ақтаев.
Аталған трансшекаралық оқу-жаттығуға қос аудан үлкен дайындықпен келген. Қандайма жағдай болмасын қиындықта ширақтық танытып қана қоймай қажет жерінде материалдық базасын ұдайы жаңғыртып отыратындарын айтып өтті.
-Жалпы ауданымызда 45 елді мекен бар. Ауданымызда 3 мемлекеттік өрт сөндіру және 5 мемлекеттік емес өрт сөндіру мекемесі қызмет жасайды. Оның сыртында ерікті өрт сөндіру жасақтары құрылған.  
Жалпы соңғы жылдары  өрт сөндіру қызметінің материалдық  базасын нығайту бағытында жергілікті атқарушы органдардан мүмкіндігіне қарай  қаржыландыру жүзеге асырылып келе жатыр. Өздеріңіз де білесіздер, жуырда Қостанай облысына барған сапарында ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев саланы реформалау бағытында нақты  тапсырмалар берді. Қолдау тұрақты түрде жалғаса беретін болады, - деді  Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары Ердос
Үмітов.
Индер аудандық төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін атқарушы Ахат Ахбалинның айтуынша, бұл өрт-тактикалық  оқу-жаттығуға қос ауданның өрт сөндіру мекемелері, орман шаруашылығы, байланыс, газ, су, электр тарату, алғашқы медициналық көмек көрсету секілді барлығы 19 мекемеден 111 адам қатынасып, 32 техника тартылған.
Жаттығу соңында Индер және Ақ Жайық аудандарының өрт сөндіру бөлімшелері қызметкерлерінің арасында спорттық ойындар ұйымдастырылды. Бағалы сыйлықтармен марапатталды.


С.ЕРСАЙЫН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521