Су – стратегиялық байлық, ұрпаққа аманат

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында ерекше атап өткендей, су ресурстары – еліміздің дамуындағы шешуші маңызы бар қазына. Оны тиімді әрі ұтымды пайдалану – ұлттық қауіпсіздік пен тұрақты өркендеудің басты кепілі.

Бүгінде су тапшылығы – тек Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін алаңдатарлық мәселе. Климаттың өзгеруі, су қорының азаюы мен оны бейберекет жұмсау ауыл шаруашылығына да, өндіріс орындарына да, ең бастысы, халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер етуде. Сондықтан су саласына жаңа технологиялар енгізу – уақыт талабы.

Елімізде су ресурстарын басқару жүйесін кешенді түрде жаңғырту қажет. Алдымен су шығынын есептеу мен бақылауды автоматтандыру арқылы ысырапты азайтуға болады. Сонымен қатар ауыл шаруашылығында үнемді суару әдістерін кеңінен енгізу маңызды. Бұған қоса, халық арасында суды қорғау мен ұқыпты пайдалану мәдениетін қалыптастыру – ортақ міндет.

Су – келешекке қалдырар ең қымбат аманат. Мемлекет басшысының осы салаға басымдық беруі – экологиялық қауіпсіздікті сақтаумен қатар, болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершіліктің айқын көрінісі. Су ресурстарын басқарудағы заманауи тәсілдер еліміздің табиғи байлығын көздің қарашығындай сақтап, тұрақты дамудың жаңа мүмкіндіктерін ашады деп сенеміз.

Саламат Базарбаев

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT