Аудандық сотта «Ажырасқан ата-ана - бақытсыз балалар» тақырыбында семинарға сот төрағасының м.а. А.Құспанов, аудандық АХАЖ бөлімінің меңгерушісі М.Сатаева, психолог Р.Айтмагамбетова қатысып, некеден ажырасудың басты себептерін атап өтті.
Алдымен А.Құспанов қаржы, неке адалдығын бұзу, тұрғын үйдің нашарлығы ажырасу негізгі себептері екендігін жеткізді. Сондай-ақ осы жылдың 6 айында некеден ажырасу туралы 23 талап арыздың 6-ы медиация тәртібімен татуласып, 2 іске татуластыру рәсімдері қолданылып, 13 іс талапты қанағаттандырумен түйінделгенін тілге тиек етті. Ал психолог Р.Айтмагамбетова өз сөзінде, ажырасу бала жарақатының бір бөлшегі, сондықтан тараптардың арасында көп кездесетін проблемалар бір-бірін тыңдай білмеуінде, бар сезімін айтып, тараптарға көп сөйлесіп, бір-бірімен ымыраға келуді үйрену қажеттігін атап өтті. АХАЖ бөлімінің меңгерушісі М.Сатаева бөлімге ортақ некеден балалары жоқ тараптар жүгінетінін, алайда, бір тарап қарсы болғанда сот органымен шешілетінін айтты.
Г.ЕГІЗБАЕВА,
аудандық соттың кеңсе меңгерушісі