Индер ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі және №5 Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен, Алғыс айту күнін мерекелеу шеңберінде 1996-2019 жылдары еңбек еткен азаматтық қорғау органының ардагері Ғабуалиев Ерлан Кубаевич бөлімге шақырылып кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу кезінде ардагеріміз Ғабуалиев Ерлан Кубаевич өзінің қызмет еткен жылдары болған қиында қызықты сәттерімен бөлісе отырып, Алғыс айту күні барлық әріптестерімізді құттықтап, еліміздің еркіндігі мен болашақ ұрпағымыздың бақытты күндеріміз көп болғай деп алдағы жұмысымызға сәттілік тілей отырып, алғысын жаудырды.
Ардагеріміздің тілегінен кейін Индер ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі және №5 Өрт сөндіру бөлімі тарапынан дайындалған ардагерімізге сыйлығымыз табысталып, естелік фото суретке түсірілді.
Айбек ЕРҒАЛИЕВ,
Аудандық 5 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары, азаматтық қорғау аға лейтенанты