Жақында Президент сайлауы өтеді. Бұл еліміздің өркендеуі жолында жасалып жатқан саяси маңызды өзгеріс. Алдағы сайлауда Президентімізді 7 жылдық мерзімге сайлаймыз.
Сондықтан ел келешегіне алаңдап, бүгіннен бастап саяси науқанға жұмыла қатысуға ниет етуіміз қажет. Ұйқыдағы сананы оятпасақ болмайды. Алаш арыстарының да ұстанымы осы болған. Бәрі де елім, жерім деп күңіренген. Енді кезек бізде. Біз өз мемлекетіміз үшін селт еткен ұйқымыздан оянып, ұлағатты ұрпақ өсірудің жолы мен болашақ ұрпақтарымыздың жарқын күндерін ойлайық.
Ендеше, алдағы Президент сайлауына жұртшылық болып біркісідей атсалысайық. Себебі, әрбір қазақстандықтың даусы маңызды.
А.Жауғашты