Рамазан айы басталып, исі мұсылман халық ораза ұстауға кірісті. Дегенмен еліміздегі төтенше жағдайға байланысты, көптеген шектеу қойылғандығы жөнінде Индер аудандық «Әйіп қажы» мешітінің бас имамы Ералы Қамзағалиев айтқан болатын. Ал біз биыл пітір садақаның мөлшері қандай, оны қалай, қайда төлеуге болатындығын сұрадық.
«Ұстаған әр мұсылманның оразасы қабыл болсын! Қазіргі жағдайға байланысты пітір садақа мешіт ішінде қабылданбайды, мешіт ауласының сыртына жәшік орнатылды. Және қосымша жәшіктер «Лидер» сауда үйіне және т.б дүкендерге қойылады. Осы жылғы бір адам атынан берілетін пітір садақа 370 теңге болып бекітілді. Пітір садақаның құны республика бойынша есептелгенде ұнның нарықтық орташа бағасымен шығарылды.
Жағдайы бар адамдарға садақаны мейіз (3920 тг) немесе құрма (9400 тг) құнымен бергені абзал», - дейді ауданның бас имамы.
«Дендер»-Ақпарат