МЕРГЕНДЕРІМІЗ – ҮЗДІК ҮШТІКТЕ

Өткен аптада колледж және облыстық мектеп оқушыларының арасында «Жас снайпер 2022» облыстық біріншілігі өтті.

Мақсаты – патриоттық тәрбие беру және қатысушылар өздерін Отанын қорғайтын Отан қорғаушы ретінде сезініп, өз шеберліктерін шыңдау. Аталған жарысқа Индер көпбейінді ауылшаруашылық колледж студенттерінен құралған «Дельфин» әскери-патриоттық клубының мүшелері де қатысып, 10 команданың арасынан жүлделі ІІІ орынға ие болып қайтты.

Қатысушылар ер балалар мен қыз балалар арасында пневматикалық мылтықтан нысанаға атудан жарысып, өз біліктіліктерін көрсете білді. Клубтың жетекшісі әрі алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Ерназар Сабитов студенттер толықтай өздерінің білімдерін көрсетуінің арқасында жүлделі орын қатарынан табылдық дейді.

– «Дельфин» әскери-патриоттық клубы жанынан аталған сайысқа 4 адам болып қатысып қайттық. Студенттер өз мүмкіндіктерін көрсете білді. Жалпы клубта 20 студент бар, олармен аптасына 2 рет сейсенбі және бейсенбі күндері колледжде үнемі дайындық жасап тұрамыз. Мұның барлығы сол еңбектің жемісі деп білемін, - деді Ерназар Сабитов бізбен әңгімесінде.

eki

Сонымен қатар, клуб мүшесі, ІІ курс студенті Жамиля Болатбекова жекелей сында ІІ орынға ие болды.

Айта кетейік, біріншілік Атырау аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығының ұйымдастыруымен өткізіліп отыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521