КӨШЕЛЕРДЕ – ЛЕД ЭКРАН

Индербор кентінің Д.Қонаев және Ж.Сұлтанғалиев көшелері бойына күні кеше үш жаңа LED-экран орнатылды.

Көшеде еріксіз көз тартатын заманауи құрылғының мүмкіндігі мол. Нағыз насихат құралы екеніне куә болудасыздар. – Бұл – кентті безендіру аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар. Жарықдиодты экрандарда Президенттің Жолдауы мен стратегиялық баста маларын, мемлекеттік бағдарламаларды халыққа жеңіл түрде түсіндіруде таптырмас дүние. Сондай-ақ, мұнда мәдени және басқа да түрлі іс-шаралар туралы ақпарат орналастырылатын болады, - дейді Индербор кенті әкімінің орынбасары Қайыржан Нұриевті сөзге тартқанымызда. Сонымен қатар, бұл заманауи ақпарат тақтасы табыс көзіне айналмақ. Кәсіпкерлерге жарнаманың жақсы болғаны кәсіптің де өрге дөңгелеріне кепіл береді.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT