«KPI INC.» кешенінде апатты жағдай орын алды

сурет atpress.kz сайтынан алынды

«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» полипропилен өндіру бойынша біріккен газ-химия кешенінде («KPI Inc.») электр жарығының сөнуіне байланысты өндіріс жартылай тоқтады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл туралы кәсіпорынның баспасөз қызметі мәлім етті. 3 сәуір сағат 10:59-11:11 аралығында «KEGOC» АҚ желілерінде қысқаша  тұйықталу орын алды. Бұл “KPI Inc.” компаниясын жарықпен қамтамасыз ететін «KUS» ЖШС газтурбиналық электр станциясының апатты түрде тоқтауына себеп болды. Салдарынан технологиялық ақау салдарынан компрессорлар, технологиялық жабдықтар, пропан мен полипропиленді дегидрлеу өндірісі апатты түрде тоқтатылды.

"Автоматты режимде өндірістің қауіпсіз тоқтатылуын қамтамасыз ету үшін жоба бойынша барлық технологиялық операцияларды сақтай отырып, пропанды дегидрлеу қондырғысынан факелге шығарындылар жіберілді" дейді мамандар.

Айта кету керек, жағындының құрамы зиянсыз, ол газ плиталарында жанатын газға ұқсайды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ



ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз