banner_damu

Кішкентай бөбекке шұғыл ота жасалды

Кішкентай бөбектің ішек өтімсіздігі әсерінен шұғыл түрде облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөліміне жатқызылған, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жедел жағдайда хирургиялық бөлімге жеткізілген науқаста ауырсыну мен нәжіске қан араласу белгілері көрінген. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, сәбиде құсудың әсерінен дегидратация дамып, ішек инвагинациясы пайда болған.

- Науқасқа ота 1 жарым сағат көлемінде лапароскопиялық әдіспен жасалынды. Бұл елімізде көп кездеспейтін операциялық әдістердің бірі. Бірақ, ота күрделілігіне қарамастан сәтті аяқталды. Қазіргі таңда сәбидің жағдайы бірқалыпты. Тыныс алу ырғағы қалпында, жиілігі минутына – 36. Аускультация кезінде жүрек соғу жылдамдығы да дұрыс. Пульс минутына – 132.

Отадан кейінгі тігістер алынып, жара өңделді, - дейді хирургия бөлімшесінің дәрігері Аманжол Адрисов. Ауруханада қажетті емді қабылдап болған бүлдіршіннің анасының дәрігерлерге айтар алғысы шексіз. Отадан соң жағдайы жақсарып, сәбиім өмірге қайта келгендей болды дейді ол.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика