Халықтық штаб өкілдері журналистермен жүздесті

Бүгін штаб өкілдері «Аманат» партиясының Индер аудандық филиалының атқарушы хатшысы  Дәурен Сағынғалиев пен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының басшысы Жәнібек Амантурлин «Дендер» газеті редакциясына келіп, түсінік жұмыстарын жүргізді.
Кездесуде сөз алған штаб төрағасы Дәурен Сағынғалиев осыдан 1 ай бұрын ауданда арнайы Халықтық штаб құрылғанын айта келе, Атом станцасын салу жөнінде түсінік жұмыстарын жүргізіп, оны қазіргі кезде сайлаудан дауыс жиналған жағдайда төрт мемлекеттің бірі салатындығын жеткізіп, референдумға қатысып өз таңдауларын жасауға шақырды.
Жарнама менеджері Айкенже Бигайырова ол кезде ауылда болмайтындығын, шет елден де дауыс беру мүмкіндігі бар ма екендігі жөнінде сауал қойса, штаб мүшелері барлық жағдай қарастырылғанын жеткізді.

А.БОКИРОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT