Індетпен күресу міндет екені  анық

 

Өркениетті қоғамның дамуына, өркенділік көшіне ілесуге кереғар әсерін тигізетін сыбайлас жемқорлық секілді факторлардың алдын-алу қазіргі таңдағы мемлекеттің алға қойып отырған басты мақсаттарының бірі.  Сондықтан осынау қатерге қарсы күрес бүгінгі таңда мемлекеттік деңгейде тікелей бастамасымен жан-жақты жүргізіліп келеді.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер  комитетінде сыбайлас жемқорлықпен күрес мақсатында бірқатар нормативтік құқықтық актілер қабылданды. Солардың ішінде негізгілерінің бірі - жемқорлыққа  қарсы  стратегиясын  іске асыру және көлеңкелі  экономикаға  қарсы  іс-қимыл  жөніндегі  арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру  бойынша   салық органдарындағы жай-күйді бағалай отырып,  кіріс органдарының қызметі арасында сыбайлас жемқорлыққа төзімсіз жағдай жасауды алға қойып, тиімділігі жоғары салық қызметін құруға негізделген. 

Салық қызметінің стандарттары туралы кез-келген салық төлеуші облыстың  салық органдарының ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталықтарындағы ақпараттық стендтерден, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістр  комитетінің ресми сайты арқылы таныса алады.

Облыстың барлық мемлекеттік кірістер органдарында сенім телефондары, арыз-шағым, ұсыныс-пікір жәшіктері және Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігі  Мемлекеттік кірістер  комитетінің порталында электронды шағым кітабы жұмыс жасауда.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы басым бағыттардың бірі бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыста жұмыс жасап, мемлекеттік кірістер органдарында  сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы атқарылып жатқан іс-шаралар жайлы кеңінен насихаттап, жұршылықтың салық органдарына деген сенімін арттыру болып табылады. Осыған орай,  жергілікті газеттерге мақалалар мен хабарландырулар жарияланып  отырады. Нысандарды жетілдіру және салықтық қызмет көрсетулердің регламентін сақтау, сонымен қатар, электронды жүйе арқылы қызмет көрсету мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері мен салық төлеушілер арасындағы қарым-қатынастарды азайтады және ол өз кезегінде жемқорлықтың туындауына шектеу қояды.

Сыбайлас жемқорлықпен күресте бірыңғай құқықтық амалдардың тиімділігі жеткіліксіз. Осы күресті күшейтудің кейбір саяси және әлеуметтік амалдарының бірі – жариялылық. Жариялылықтың мүмкіндіктерін пайдаланып, осы күрес барысымен халықты тұрақты хабардар ету, заңның негізгі тұжырымдарын насихаттап, осы қылмыстың қоғамға келтірер кері әсерін аша түскен жөн. Сонымен қатар, қоғамдық өмірдің әртүрлі саласындағы жемқорлық қылмыстың көп болатын аймағын анықтау, оны тудыратын себептер мен жағдайларды барынша анықтау, оның алдын-алу - маңызды мәселе. 

Мемлекеттік органның тарапынан жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нәтижесін арттыру,  заңдылықтардың мүлтіксіз  сақталуы  мен заң талаптары түсіндіру бойынша мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ. 

Г.Жангалиева,

Индер  ауданы  бойынша мемлекеттік  кірістер  басқармасының   бас маманы 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521